Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Шу ауданына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардағы құрылыс және жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Шу ауданына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардағы құрылыс және жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

Алдымен аймақ басшысы республикалық маңызы бар «Шу – Қайнар» автомобиль жолын қайта жаңғырту жобасымен танысты. Еліміздегі маңызды көлік бағыттарының бірі саналатын бұл жолға соңғы 50 жылда күрделі жөндеу жүргізілмеген. Қазіргі таңда оның 56 шақырымында ауқымды құрылыс жұмыстары жүзеге асуда.

Облыс әкімі аталған жобаның тұрғындар тарапынан көптен күткен бастама екенін атап өтіп, мердігер мекеме өкілдеріне жұмыс қарқынын арттырып, тездетіп аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ барлық құрылыс нормалары мен талаптарының қатаң сақталуын ескертті.

Бұдан кейін Ербол Қарашөкеев Жайсан ауылында бой көтеріп жатқан 120 орындық мектептің құрылыс алаңында болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.