Бүгін Әкелер күніне орай Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығы» мен аудандық Ардагерлер үйі бірлесіп тағылымы мол іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараға Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қонысбай Ильясов, Облыстық ардагерлер кеңесінің бас маманы Байқадам Жуасбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев, ардагерлер Сансызбай Махамбетқұлов, Сәрсембай Күзербаев, Сембек Пірімқұлов, аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Дәурен Құттыбаев және аудандық «Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары Бақытжан Кикбаев қатысты.
Тренингті Жамбыл аудандық Отбасын қолдау орталығының психолог маманы Динара Калиева жүргізіп, қатысушылармен әкенің отбасы тәрбиесіндегі рөлі, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі және отбасы құндылықтарын нығайту жолдары жөнінде пікір алмасты.
Кездесу барысында ақсақалдарымыз әкенің отбасы мен қоғамдағы орны, ұлттық тәрбие, отбасылық құндылықтар және ұрпақ сабақтастығы туралы тағылымды әңгімелер айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.