FSM Social платформасының мүмкіндіктері таныстырылды

Бүгін Жамбыл аудандық Отбасын қолдау орталығының директоры Эльвира Көшкінбаева, психолог маманы Айжан Шалабай және әлеуметтік қызметкер Айгерім Маймаханова аудандық білім бөліміне қарасты мектептердің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен әлеуметтік педагогтарына FSM Social платформасының мүмкіндіктерін таныстырды.

Іс-шараның мақсаты – әлеуметтік мәселелердің алдын алу, отбасыларға уақытылы қолдау көрсету және мекемелер арасындағы тиімді өзара байланысты нығайту.

 Кездесу барысында платформаның негізгі мақсаттары мен қызметтері түсіндіріліп, азаматтардың әлеуметтік мәселелерін ерте анықтау, қажетті көмекті жедел ұйымдастыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бағытындағы артықшылықтары айтылды.

Сонымен қатар, мамандарға платформа арқылы келіп түсетін сигналдармен жұмыс жүргізу тәртібі, өтініштерді қарау алгоритмі және әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру тетіктері таныстырылды.

Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, платформамен тиімді жұмыс жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.