Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Жамбыл аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жұмыс іздеуші азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнату және еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беру.

Жәрмеңкеге Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығының» психолог маманы Айжан Шалабай қатысып, тұрғындарға психологиялық қолдау көрсету, отбасылық қарым-қатынастарды нығайту, өмірлік қиын жағдайлардың алдын алу және орталық тарапынан көрсетілетін қызмет түрлері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, жеке кеңестер ұсынды.

Сонымен қатар жәрмеңкеге Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты №17 Жамбыл колледжі, аудандық аурухана, аудандық білім бөлімі, ветеринария саласының мамандары, аудандық Жастар ресурстық орталығының заңгері және басқа да мекеме өкілдері қатысты.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.