Әлемге жайлаған індеттің дендеуіне тосқауыл болу мақсатында вакцинаның әсері үлкен. Ал, «Pfizer» екпесі өз тиімділігін көрсетуде. Аталған екпе жүкті әйелдерге, 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге, бала емізетін аналарға және 60 жастан асқан азаматтарға егіледі.
Жамбыл аудандық орталық ауруханасының иммунолог дәрігері Жадраш Тотаеваның айтуынша, өңірге осы күнге дейін жеткізілген 7110 доза «Pfizer» екпесінің 3931-і егілген. Оның ішінде 12-17 жастағы жасөспірімдер 2931 доза, жүкті әйелдер 307, бала емізетін аналарға 693 дозасы егілген. Ал 60 асқан азаматтарға 44 дозасы салған.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі