Апта аралығында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасынан аспауы және індет талаптарының сақталуына зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін құрылған мониторинг топ мүшелері Аса ауылдық округі аумағындағы кәсіпкерліқ, азық-түлік дүкендеріне арнайы барды.
Шұғыл топ құрамындағы Nur Otan партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымов және Аса ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасына назар аударды.
Рүстем Қалмұхамбетұлы түрлі тауарға қойылатын баға үстемесi 10-15%-дан аспауын және әрбір тауарлардың тасымалдау құжаттарының (накладной) болуына баса назар аударуы керек екендігін айтты.
Сонымен қатар мониторингтік топ iндетiң өршуіне байланысты маскалық режимді сақтау, антисептик қолдану және карантиндiк талаптарды толық сақтау керектігі бойынша тауар ұсынушыға да, келушіге де қайырылды.
Бетперде режимін сақтау қажеттілігіде айтылды.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі