«Ем – екпеде», «Індеттен құтылудың жалғыз жолы – вакцина қабылдау» деген жазбаны газет беттерінен де, теледидардан да, телефонды ашсақ та көретін болдық. Бүгінгінің ұранына айналған бұл сөздерді жалған патриоттықпен, жасанды кейіппен айтуға болмайды. Ол ең алдымен, өзіңіздің, кейін айналаңыздағылардың басты байлығының кепілі екенін түсінетін кез келді.
Бүгінде індеттің беті әлі де қайтпай тұр. Қауіппен күрес мақсатында Үкімет тарапынан маңызды шаралар атқарылуда. Өз кезегінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, екпенің маңыздылығы да талданып келеді.
Өткен жылдың аяғына қарай бұл індетке шалдыққан адамдардың біраз саябырсығаны рас, дегенмен жауапты мамандардың мәліметіне сүйенсек, жыл басында індеттің бегілері қайта байқалып отыр.
Осы ретте індеттің таралуын алдын алу үшін аудандық орталық ауруханада екпе егу жұмыстары екпінді жүруде. Бүгінде аудан тұрғындарының 6000-нан астамы ревакцинациялаудан өтті.
Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін Pfizer «Комирнати» вакцинасын 2334 адам, оның ішінде 12-17 жас аралығындағы
1828 бала,16-37
апта аралығындағы 178жүкті әйел, 328 емузілі
ана І компонентін салдырған.
Ал, екпенің ІІ компонентін 12-17 жас аралығындағы 765 бала және
148 емізулі ана салдырған және 75 жүкті әйел алған .
Егер Сіз індетке қарсы екпе салдырмаған болсаңыз, жақын арада шешім қабылдаңыз! Өйткені бір уақытта және жаппай вакцинациялау ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және бәрімізге тез арада әдеттегі өмір салтына оралуға мүмкіндік береді. Сондықтан да өздеріңізге індетті жұқтырып алмас үшін, өз денсаулықтарыңызға немқұрайды қарамаңыздар, әлемдегі пандемияның жалғасуын ескере отырып, халықты вакцинациялауға және қарапайым сақтық шараларды сақтауға шақырамыз.