БЕСАҒАШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ ӘБЕНОВ ОЛЖАС БАҚЫТЖАНҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Әбенов Олжас Бақытжанұлы Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылында дүниеге келдім. Ұлтымқазақ, білімімжоғары.

«Қаржы» мамандығы бойынша жоғары білім алып, еңбек жолымды «Kazmicrofinans» МКҰда кредиттіксарапшы маман болып бастадым. Әрі қарай«БесағашЫнтымақ» шаруа қожалығындабухгалтердің көмекшісі, Бесағаш ауылдық округіәкімі аппаратында бас маман қызметін атқардым. Бесағаш ауылдық округі әкімінің орынбасарыболдым. Қазіргі таңда Жібек жолы ауданы әкімініңбас инспекторымын.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУҒА КҮШ САЛАМЫН

Құрметті сайлаушылар!

Мен ең бірінші Қазақстан Республикасының Конституциясының талаптарына сәйкес жұмыс жүргізетін боламын. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған басымдықтар мен бағыттардың орындалуын қамтамасыз ете отырып, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, ауыл экономикасын дамытуға келесі жұмыстарды атқаратын боламын:

– ауылдың бас жоспары бойынша жер учаскелерін кезекте тұрған азаматтарға кезең-кезеңімен берілуіне атсалысу;

– ауыл ішіндегі көшелерді кезең-кезеңімен жарықтандыру;

– Арал саяжайына елді мекен статусын беріп, шипалы бұлақты көркейтіп, кәсіпкерлік пен туризм бағытын дамытуға үлесімді қосу;

– Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішті көгалдандыру және жастар аллеясын салуды ұйымдастыру;

– ауылымызға инвестиция тарту, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалана отырып ауыл жастарын кәсіпкерлікке баулу;

– ауылымыздағы құрылысы жүргізіліп жатқан мәдениет үйінің мерзіміне сәйкес халық игілігіне берілуіне үн қосу;

– тұрғын үйлерге ауыз­судың толыққанды іске қосылуын қадағалау.

Қымбатты ауыл тұрғындары!

Алдағы уақытта осы және өзге де ауқымды жобалардыбірге атқаруға шақырамын.

 

Тапсырыс беруші: Бесағаш ауылдық округі әкіміне кандидат
Әбенов О.Б.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
қаражаты есебінен төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.