Бүгінде цифрландыру Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналды. Мемлекет заманауи цифрлық технологияларды мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларына кезең-кезеңімен енгізіп келеді. Соның нәтижесінде мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі артып, бизнес жүргізу жеңілдеп, азаматтардың күнделікті өмір сапасы жақсаруда
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі цифрлық инфрақұрылымды жетілдіруге, жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізуге және жоғары білікті IT-мамандар даярлауға басымдық беріп отыр. Бұл жұмыстар инновациялық экономиканы қалыптастырып, еліміздің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электрондық форматта ұсынылады.