Бүгін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасынан аспауы және індет талаптарының сақталуына зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін құрылған мониторинг топ мүшелері Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі аумағындағы кәсіпкерліқ, азық-түлік дүкендеріне арнайы барды.
Шұғыл топ құрамындағы Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғамзат Сағымбеков пен аудандық мәслихат депутаты Мөлдір Қырықбаева әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасына назар аударды.
✅Шұғыл топ мүшелері түрлі тауарға қойылатын баға үстемесi 10-15%-дан аспауын және әрбір тауарлардың тасымалдау құжаттарының (накладной) болуына баса назар аударуы керек екендігін айтты.
Сонымен қатар мониторингтік топ iндетiң өршуіне байланысты маскалық режимді сақтау, антисептик қолдану және карантиндiк талаптарды толық сақтау керектігі бойынша тауар ұсынушыға да, келушіге де қайырылды.
Бетперде режимін сақтау қажеттілігіде айтылды.
✅Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі