Сайлаушылардың тұрғылықты жері бойынша тізімді жергілікті атқарушы орган жасайды
Сайлаушылар тізіміне
белсенді сайлау құқығына ие, тиісті сайлау учаскелерінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Жергілікті атқарушы орган уақытша тіркелген азаматтарды өтінішінің негізінде
2026 жылғы
23 шілдеге дейін
сайлаушылар тізіміне енгізеді
Бұл ретте әкімдік азаматты сайлаушылар тізіміне енгізуді және оны тіркелген жері бойынша
тізімнен шығаруды ұйымдастырады
Осы құқықты
дауыс беру күні тіркелген жері бойынша болмайтыны белгілі сайлаушылар
орта арнаулы және жоғары оқу орындарында оқитын, басқа өңірден келген студенттер
вахталық әдіспен жұмыс істейтін сайлаушылар
пайдалана алады
Азамат тек бір ғана тізімге енгізіле алады
Тізімге енгізілгендігі туралы деректерді
тиісті әкімдіктің интернет-ресурсы
call-орталық
арқылы білуге болады
2026 жылғы
7 тамыздан бастап
өздері туралы деректердің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексеру мүмкіндігі беріледі
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы www.election.gov.kz