23тамыз- Құрылтай депутаттарын сайлау күні

23 тамыз – Құрылтай депутаттарын сайлау күні

2026 жылғы 23 тамызда елімізде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл – мемлекетіміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органның жаңа құрамын қалыптастыратын маңызды саяси науқан.

Сайлау Қазақстан Республикасының Конституциясы мен сайлау туралы заңнамасына сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.

Құрылтай құрамына партиялық тізім бойынша 145 депутат сайланады. Депутаттардың өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды.

Депутаттыққа 25 жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және ел аумағында соңғы 10 жыл тұрақты тұрған азаматтар үміткер бола алады.

Сондай-ақ партиялық тізімдерді қалыптастыру кезінде әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар азаматтардың үлесі кемінде 30 пайызды құрауы тиіс. Бұл талап қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарының өкілдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Алдағы сайлау – елдің саяси дамуы мен демократиялық үдерістерді нығайту жолындағы маңызды қадам. Сондықтан әрбір азаматтың сайлауға белсенді қатысуы – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.