Тараз қаласында кәсіпкерлік пен өнеркәсіп саласы тұрақты өсім көрсетіп келеді

Тараз қаласында кәсіпкерлік пен өнеркәсіп саласы тұрақты өсім көрсетіп келеді. Мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігі, инвестициялық жобалардың артуы және өндіріс көлемінің ұлғаюы өңір экономикасының қарқынды дамуына оң ықпал етуде. Бүгінде қалада 44 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, олардың басым бөлігі шағын және орта бизнес саласында табысты жұмыс істеуде, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 79,6 мың адамға жетіп, өндірілген өнім көлемі 1 триллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіштер кәсіпкерлік белсенділіктің артып, бизнестің өңір экономикасындағы үлесінің жылдан-жылға өсіп келе жатқанын аңғартады.

Өнеркәсіп саласында да оң динамика қалыптасқан. 2026 жылдың қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша Тараз қаласында 291,9 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 107,6 пайызды құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.