Журналистке қол жұмсап, кәсіби қызметіне кедергі келтірді деп айыпталған экс-депутат Бекболат Тілеухан жәбірленуші Айнұр Коскинадан кешірім сұрады, деп хабарлады ”Аса-ақпарат” ақпараттық порталы ұлттық порталы “Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.
Шенеунік сұқбат беру кезінде тілшіге қарата айтылған артық сөздерін қайтып алып, енді қайталамайтынын айтты.
Нұр-Сұлтанда экс-депутат Бекболат Тілеуханға қатысты әкімшілік сот басталды. Сот отырысы барысында қос тарап та болған жайтты тәптіштеп айтып берді. Шенеунік өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Тіпті, жәбірленушілер жала жауып, ар-ожданымды таптағаны үшін сотқа жүгінемін деді.
Бірақ куәгерлердің істі талқылауға қатысып отырғанына байланысты сот келесі дүйсенбіге ауыстырылды. Ал жәбірленуші тарап судьяға талқылауға қатысқан куәларды келесі процеске қатыстырмау туралы өтініш айтты. Сөзінше, бұл куәгерлердің объективті болуына кері әсерін тигізеді.