Тараз – Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі әрі тарихи-мәдени мұрасы мол туристік орталықтардың қатарында

Тараз – Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі әрі тарихи-мәдени мұрасы мол туристік орталықтардың қатарында. Мыңжылдық тарихы, сәулет ескерткіштері мен бірегей мәдени құндылықтары жыл сайын қалаға келетін туристердің қызығушылығын арттыруда. Осыған байланысты Таразда туризм инфрақұрылымын дамыту, сервистік қызмет сапасын көтеру және халықаралық талаптарға сай туристік нысандарды көбейту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келедI

Бүгінде қалада туристерге қызмет көрсететін 28 туристік ұйым, 123 орналастыру орны және 9 негізгі туристік нысан жұмыс істейді. Қонақ үйлердің, демалыс орындарының және туристік қызметтердің жыл сайын жаңаруы өңірдің туристік әлеуетін арттырып, келушілер үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік беруде.

Жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстардың нәтижесінде туристер саны да тұрақты өсіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Тараз қаласына 117 702 турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға жоғары көрсеткіш.

Leave A Reply

Your email address will not be published.