Қазақстан байлығының тең жартысы бар-жоғы 162 адамға тиесілі – Тоқаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде елдегі тереңдеп кеткен әлеуметтік теңсіздік туралы айтты.
«Халықаралық сарапшылар, атап айтқанда, KPMG Қазақстан байлығының тең жартысына бар-жоғы 162 адам иелік етеді деп мәлімдеді. Сонымен қатар халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайды немесе жылына 1300 доллардан сәл ғана асады. Мұндай ақшаға өмір сүру мүмкін емес. Тез арада жағдайды өзгерту керек және көп нәрсе сіздерге байланысты, құрметті кәсіпкерлер», — деп мәлімдеді ол.