Ауыл шаруашылығы бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Жамбыл ауданы әкімінің 2022 жылдың 20 қаңтардағы №08

өкімімен Аманов Лаурат Темиргалиевич Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

 

Аманов Лаурат Темиргалиевич 1976 жылы 07 наурызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Айтеке би кентінде туылған. Ұлты-қазақ, білімі-жоғары.

1998 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Жерге орналастыру инженері», 2004 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 2000 жылы жеке кәсіпкер болып бастаған.

2001-2006 жылдары «Тілеп» ЖШС-і директордың орынбасары,

2006-2008 жылдары Тараз қаласы прокурорының әкімшілік және азаматтық істер жөніндегі сот қаулылары мен орындау өндірісінің заңдылығын қадағалау бойынша көмекшісі,

2009 жылы «Рза» АҚ-ның заңгері

2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маман-мемлекеттік инспекторы,

2015-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маман- мемлекеттік инспекторы,

2021 жылғы наурыз-мамыр айлары Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман-мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.