Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиынға облысқа жұмыс сапарымен келген Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров қатысты.
Штаб отырысын ашқан Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысының инвестиция тарту, экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту және өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында облыста жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, инвестициялық ахуалды жақсарту, инвесторларға қолайлы жағдай жасау, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және жобаларды сүйемелдеу бағытында нақты шаралар қабылдануда.
Бүгінде Жамбыл облысы инвестиция тарту қарқыны бойынша еліміздегі көшбасшы өңірлердің біріне айналды. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аймаққа 505,9 миллиард теңге инвестиция тартылып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59,2 пайызға артқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.