Елімізде болған жаппай тәртіпсіздік, бүлік пен тонау 102 жастағы кейуананың көңілін аударды.
Әжей қазақ пен қазақтың бұлайша төбелесуі дұрыс еместігін айтқан, деп хабарлайды «Аса-ақпарат» ақпарат агенті Экспресс К. сілтеме жасап
«Бір-біріне қазағым бауырмал болушы еді. Мынау не сұмдық?» деп әңгімесін бастаған әжейдің бейнежазбасы ТикТок-та жарияланды. Екі минуттан аса видеода кейуана 102 жасқа келіп соғысты да, ашаршылықты да көргенін айтады. Әрі қаңтар оқиғасына қатысты өз ойын білдіреді.
Сендерге не болды? Назарбаевқа неге сонша өш болдыңдар? Жақсы болыңдар. Қазіргі баланың да сөзі сондай тәртіпті. Соның тілін неге алмайсыңдар? Бастықтарыңа неге көнбейсіңдер? Қазақ тату-тәтті болыңдар. Бір-біріңмен төбелеспеңдер,
Сондай-ақ, ол 102 жасқа келіп қазақтың бір-бірімен бұлай төбелескенін көрмегенін айтады. Сол себепті тыныштықты сақтап, бейбіт елдің болашағы үшін бірлікте болуға шақырды.
Бала-шағаның обалы бар. Біреу өліп жатыр, біреу жылап жатыр. Оның қаны кімнің мойнында? Бір-біріңді ашықтан ашық қырып жатырсыңдар. Ондай қылмаңдар, қарақтарым. Батамды бердім. Жақсы болыңдар,