Отандық автоөндіріс қарқынды дамуда

2025 жылы Қазақстанда 171 мыңнан астам автокөлік өндірілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, соңғы бес жылда автомобиль жасау саласына шамамен 457 млрд теңге инвестиция тартылған. Соның нәтижесінде өткен жылы өндіріс көлемі 18 пайызға өсіп, 171 мыңнан астам автокөлік шығарылған.

«Соңғы бес жылда салаға 457 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Өткен жылы 171 мыңнан астам автокөлік шығарылып, өндіріс көлемі 18%-ға артты», деді Ерсайын Нағаспаев.
Оның сөзінше, биыл да оң өсім сақталып отыр. Жылдың алғашқы алты айында 94,4 мың автокөлік өндірілген. Жыл соңына дейін Қазақстанда 190 мың автокөлік шығару жоспарланып отыр. Бұл өндіріс көлемін тағы 11 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат ашық дереккөзден алынған:https://egemen.kz/

Leave A Reply

Your email address will not be published.