2025 жыл корпорация үшін нақты нәтижелерге қол жеткізген кезең болды

«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма 2025 жылдың қорытындыларын таныстырып, өңір экономикасын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндады.Қоғам жылды 134 млн теңге көлеміндегі таза пайдамен аяқтап, активтері 31,3 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіштер өңірлік даму институтының қаржылық тұрақтылығы мен тиімді қызметін айқындайды.

Жыл ішінде негізгі күш инвестиция тартуға, өндірістік жобаларды іске асыруға және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталды. Әрбір жоба жаңа жұмыс орындарын құруға, өндіріс көлемін арттыруға және өңірдің экономикалық әлеуетін күшейтуге негізделді.

Инвестициялық қызметте де айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Бұрын корпорация құрамында жұмыс істеген Zhambyl Invest дербес заңды тұлға ретінде қайта құрылып, бүгінде өңірдің инвесторларға арналған фронт-офисіне айналды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.