Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасының тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына 500 миллион теңге аударды.
⠀Естеріңізге салайық, «Қазақстан халқына» қорының міндеті: денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан халқына қайырымдылық көмек көрсету; төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимі енгізілгенде зардап шеккен халыққа көмек көрсету; халықтың әлеуметтік осал топтарынан мұқтаж балалар мен балалар үшін спорттық инфрақұрылымның дамуына және оның қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу; Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау; Қор қызметінің өзге басым бағыттары бойынша қайырымдылық көмек көрсету.
⠀Нұрсұлтан Назарбаев Қоры — басты жұмыс істеу бағыттары – дарынды жастарды қолдау; ерекше қажеттіліктері бар балаларға сауықтыру жобаларын жүзеге асыру; мемлекеттік тілді қолдау; қайырымдылық көмек көрсетуге арналған коммерциялық емес ұйым.