Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласында «Тараз өндірістік комбинаты» ЖШС мен Қытай Халық Республикасының Guangdong Wantai Supply Chain Co., Ltd. компаниясы бірлесіп металлургия зауытының құрылысын бастады

Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласында «Тараз өндірістік комбинаты» ЖШС мен Қытай Халық Республикасының Guangdong Wantai Supply Chain Co., Ltd. компаниясы бірлесіп металлургия зауытының құрылысын бастады. Жобаның іргетасын қалау рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.

Жаңа өндіріс ошағы Тараз индустриялық аймағы аумағында бой көтереді.

Guangdong Wantai Supply Chain Co., Ltd. компаниясының директоры Чжоу Циньхуэйдің айтуынша, металлургия зауытына 61 млрд теңге инвестиция салынады.

Кәсіпорын толық қуатына шыққанда жылына 1 млн тоннаға дейін ыстықтай илектелген болат орамдары, тот баспайтын болат өнімдері, дәнекерленген және мырышталған құбырлар, профильді құбырлар, арматура және басқа да металл өнімдері өндіріледі.

Зауыттың алғашқы кезеңін 2028 жылдың бірінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр. Құрылыс кезеңінде 500 адам жұмыспен қамтылса, кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін 260 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.