Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өткен «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық сайысының ашылу салтанатында сөз сөйлеп, жарыстың Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырғанының тарихи маңызына тоқталды
Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Астанада 29 шілде – 9 тамыз аралығында өтетін сайыста 34 елден 800 спортшы бақ сынайды.
Іс-шараның ашылу салтанатына Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысты.
Президент өз сөзінде ең алдымен шетелдік қонақтар мен жарысқа қатысушыларды Астана қаласында қарсы алып, барша қатысушыларға ізгі тілегін жеткізді.
«Ең алдымен, бәріңізге елордамыз – Астанаға шын жүрегіммен қош келдіңіздер деймін!
Бүгін біз «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық сайысын бастаймыз. Бұл – елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтатын мағынасы айрықша тарихи іс-шара.
Дүбірлі дода биыл Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр. Біз үшін бұл – зор мәртебе», – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президент өз сөзінде Ресей Президентінің Қазақстанға және жарысқа қатысушы спортшыларға жолдаған арнайы құттықтауын атап өтті.
«Жаңа ғана Ресей Президенті Қазақстанға және барша спортшыларға арнайы құттықтауын жолдады. Ыстық ықыласы үшін Ресей көшбасшысы – Владимир Владимирович Путинге зор ризашылығымды білдіремін.