«ZERBULAQ»

Бүгін Тараз қаласында жаңа туристік нысан – «ZERBULAQ» қонақ үй кешені салтанатты түрде пайдалануға берілді. Ашылу рәсіміне Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова арнайы қатысып, жоба авторларын құттықтап, қала тұрғындары мен қонақтарына ізгі тілегін жеткізді.

Өз сөзінде Гүлдана Әлімжанқызы мұндай заманауи нысандардың ашылуы Тараз қаласының туристік әлеуетін арттырып, өңірдегі қонақжайлық индустриясының дамуына тың серпін беретінін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол жеке инвестиция есебінен жүзеге асқан жобалардың өңір экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және қызмет көрсету сапасының жақсаруына оң әсер ететінін айтты.

Жобаның жалпы құны 1,3 миллиард теңгені құрайды. Қонақ үй кешені тұрғындар мен қала қонақтарының жайлы демалысын ұйымдастыруға арналған көпфункционалды орталық ретінде қызмет көрсетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.