“Институт евразийской интеграции”

Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Еуразиялық интеграция институты 2026 жылғы 16-26 шілде аралығында Құрылтай сайлауы алдында қазақстандықтардың сайлау қалауы мен саяси мінез-құлқын зерттеу мақсатында Қазақстанның 17 облысында және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жаппай сауалнама (face-to-face) әдісімен екінші әлеуметтанулық зерттеу жүргізді. Барлық өңірлер бойынша сауалнамаға 4 000 респондент қатысты.
Осы зерттеу аясында саяси партиялардың қазіргі таңдағы рейтингісіне және сайлаушылардың ықтимал белсенділігіне қатысты қоғамдық пікірді екшеу жалғасты.
Сондай-ақ, бұған дейін 3-13 шілде аралығында жүргізіліп, қорытындысы 15 шілдеде жарияланған сауалнамадан бергі өзгерістерге талдау жасалды (https://www.facebook.com/ieikz/posts/1367208092281018).
«Әділет» партиясы әлі де көш бастап тұр, оның электоралды рейтингісі 65,1%-ға дейін өсті.
Екінші орында – «Ауыл» партиясы, оны респонденттердің 5,9%-ы қолдауға дайын.
Ал басқа партиялардың рейтингісі өзгеріске ұшырады.
«Ақ жол» партиясы (4,7%) үшінші орынға көтеріліп, тікелей бәсекелесі «Respublica» партиясын (4,6%) азғана басымдықпен басып озды.
Осыған ұқсас өзгеріс Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына (4,2%) да қатысты, ол сайлау додасының қазіргі кезеңінде Халық партиясын (4,1%) аз ғана айырмамен басып озды.
Барлық партиялар өз позицияларын белгілі бір дәрежеде нығайтып, сайлаушылардың көңілінен шығып жатқанда, «Байтақ» жасылдар партиясының жағдайы керісінше – оның рейтингі 0,5%-ға дейін төмендеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.