Коронавирус инфекциясын алдын алу үшін вакцина қабылдаудың маңыздылығын халықаралық сарапшылар мәлімдеп отыр. Өңірде ағымдағы жылы 67 азамат коронавирус жұқтырғаны анықталған.
Бүгін Nur Otan партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымов пен аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов ревакцинациялаудан өтті.
Бұл туралы аудандық орталық ауруханасының иммунолог дәрігері Жадраш Тотаева:
— Екпе індеттен құтылудың жалғыз жолы. Бүгінде ауданға жеткізілген 8280 «Pfizer» вакцинасының 5468-і 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге, 553 дозасы жүкті әйелдерге, 1221-і бала емізетін аналарға және 60 жастан асқан азаматтарға 155 доза егілді. Ал ревакцинациядан 7138 азамат өтті, — дейді.
Екпе егу шаралары жалғасуда