Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автожолдарының құрылысына арналған телекөпір барысында еліміздің көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жаңа жобалардың стратегиялық маңызына тоқталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автожолдарының құрылысына арналған телекөпір барысында еліміздің көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жаңа жобалардың стратегиялық маңызына тоқталды. Президенттің айтуынша, бұл бастамалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, Еуропа мен Азия арасындағы негізгі логистикалық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы «Бейнеу – Сексеуіл» бағытында ұзындығы 800 шақырымды құрайтын түбегейлі жаңа автожолдың құрылысы басталғанын атап өтіп, оның халықаралық маңызы бар дәлізге айналатынын жеткізді.

– Осы жол ел аймақтары арасындағы байланысты нығайта отырып, Қытай мен Еуропаны жалғайтын «алтын көпір» ретінде қызмет етеді. Бұл жоба Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерін Ақтау, Құрық порттарымен тікелей байланыстырады. Соның нәтижесінде Қытайдан Еуропаға дейін жүк тасымалдау ұзақтығы 1 мың шақырымға, ал жүк жеткізу мерзімі 3 тәулікке дейін қысқарады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.