Сапалы тұқым мен жүйелі еңбек – мол өнімнің кепілі

Жуалы ауданы – Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған өңірлердің бірі. Табиғаты қолайлы, топырағы құнарлы бұл аймақта дәнді дақылдармен қатар картоп өсіру де жақсы жолға қойылған. Соңғы жылдары шаруашылықтар заманауи технологияларды енгізіп, жоғары өнім беретін сұрыптарды көбейту арқылы өндіріс көлемін ұлғайтуға басымдық беріп келеді

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Биыл ауданда картоп 2600 гектар алқапқа егілсе, оның 460 гектары Нұрлыкент ауылдық округіне тиесілі. Бұл өңірде тұқым шаруашылығын дамытып, сапалы өнім өндірумен айналысып отырған жетекші шаруашылықтардың бірі – Түктібай ауылындағы «Злиха» шаруа қожалығы.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында құрылған шаруашылық бүгінде тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие. Мұнда картоп өсіру ісі 2001 жылдан бері жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде егіс көлемі ұлғайып қана қоймай, сапалы тұқым өндіру бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылған. Егер бұрын картоп 70 гектар жерге егілсе, биыл оның көлемі 80 гектарға дейін жеткізілген.

Шаруашылықта ауыл шаруашылығындағы жаңа технологиялар тұрақты түрде енгізілуде. Соңғы екі жылда мұнда Нидерланд селекциясына жататын бірінші репродукциялы «Пикассо» сұрпы өсіріліп келеді. Сонымен қатар биыл алғаш рет бес гектар алқапқа Шотландияның суперэлиталық тұқымы егілген. Бұл сапалы тұқым қорын қалыптастырып, өнім көлемі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде «Злиха» шаруашылығы аудан шаруаларына сапалы тұқымдық картоп жеткізіп отырған сенімді серіктестердің біріне айналды. Заманауи техникаларды пайдалану, тұқым шаруашылығын жетілдіру және өндірісті үздіксіз жаңғырту кәсіпорынның тұрақты дамуына негіз болып отыр.

Бірнеше жыл бұрын шаруашылықта жалпы сыйымдылығы екі мың тонна болатын екі заманауи картоп сақтау қоймасы пайдалануға берілді. Соның арқасында жиналған өнім ұзақ уақыт бойы сапасын жоғалтпай сақталып, нарыққа кезең-кезеңімен шығарылады.

Биылғы маусым шаруалар үшін қолайлы жағдайда өтуде. Көктемгі жауын-шашынның мол түсуі және Алатау баурайынан бастау алатын Көксай каналының суға толуы суармалы алқаптарды қажетті сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік берген. Соның нәтижесінде Нұрлыкент, Ақтөбе және Қызыларық ауылдық округтеріндегі егістіктерде су тапшылығы байқалмайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.