Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталды. Құқық қорғау органдары әкім орынбасарының ұсталғанын растады, деп хабарлайды «Аса-ақпарат» ақпарат агенттігі Orda.kz порталына сілтеме жасап.
Бірақ құқық қорғау органдары шенеуніктің не себепті ұсталғанын егжей-тегжейлі хабарламады.
Сондай-ақ Ербол Еділовтің Yedilov Online телеграм-каналында Ғалымжан Ниязовтың лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін ұсталғаны туралы айтылды.
“Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек Маңғыстау облысының әкімі Ғалымжан Ниязовқа өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шарасы жүргізілуде. Соның салдары ауыр зардаптарға әкеп соққаны, яғни Маңғыстау облысында сұйытылған мұнай газы құнының күрт өсуі әлеуметтік шиеленіске, артынан жаппай тәртіпсіздікке, наразылықтарға ұласқаны хабарланды”, – деп жазды Еділов.
Ғалымжан Ниязов 2020 жылдың 26 маусымынан Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарады