Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға шыншыл сөз» атты кітабы жарық көрді.
Жинаққа Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың таңдаулы нақыл сөздері мен маңызды ой-тұжырымдары енгізілген.
Басылым 1994 жылғы мұрағаттық материалдардан бастап Мемлекет басшысының соңғы сөйлеген сөздеріне дейінгі отыз жылдан астам уақытты қамтиды. Кітапқа Президенттің еліміздегі және халықаралық беделді мінберлерде айтқан негізгі тұжырымдары мен қоғам үшін маңызы зор қанатты сөздері топтастырылған.
Бұл жинақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет құру, елді дамыту және қоғамдық өркендеу мәселелеріне қатысты көзқарастарының қалыптасуы мен сабақтастығын айқын көрсетеді.
Әр жылдары айтылған ой-пікірлер Мемлекет басшысының жария сөздерінде әділеттілік, заң үстемдігі, жауапкершілік және ұлттық бірлік қағидаттарының тұрақты түрде көрініс тауып келе жатқанын айғақтайды.