Атырау облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілген әйелге шұғыл түрде ота жасалды. 19 қаңтар күні 52 жастағы келіншек салмағы 3 келі 70 грамм, бойы 51 см ұл баланы дүниеге әкелді.
«Прикаспийская коммуна» сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта ананың да, баланың да жағдайы жақсы, деп хабарлайды, «Аса-ақпарат» агенті Экспресс К. сайтына сілтеме жасап.
Перинаталдық орталықтың мәлімдеуінше ұзақ уақыт ем қабылдап жүрген әйел табиғи жолмен құрсақ көтере алмаған. Араға уақыт салып, жасанды ұрықтандырудың нәтижесінде сәбилі болды.