Қазақстандықтар Құрылтай сайлауынан жақсылық күтеді – қоғамдық пікір зерттеуі

Еуразиялық интеграция институты БАҚ-қа арналған онлайн-брифингте қазақстандықтардың электоралдық мінез-құлқын зерттеу нәтижелерін таныстырды. Зерттеу 2026 жылғы 16–26 шілде аралығында жүргізіліп, Қазақстанның 17 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 4 000 респондент face-to-face форматында қатысты.

Зерттеу қоғамда сайлау науқандары мен саяси партиялардың рөлі туралы түсініктің қалыптасқанын және саяси реформаларға оң көзқарас басым екенін көрсетті.

Негізгі нәтижелер

1. Сайлау белсенділігі

Респонденттердің 78,2%-ы сайлау мен референдумдарға қатысатынын айтты.

Қатысу көрсеткіші жыл сайын өсіп келеді:

2023 жылғы парламенттік сайлау – 53,4%;

2024 жылғы референдум – 63,4%;

2026 жылғы референдум – 75,3%.

Бұл деректер ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметтерімен сәйкес келеді.

2. Азаматтарды дауыс беруге ынталандырған себептер (бірнеше жауап таңдауға болады)

71% – азаматтық борыш;

69,6% – саяси реформалардың маңыздылығы;

31,4% – демократиялық құқық;

18% – дауыс беру жасына алғаш рет жетуі.

Бұл факторлар 23 тамыздағы референдумда да маңызды рөл атқаруы мүмкін.

3. Сайлау туралы негізгі ақпарат көздері (бірнеше жауап)

Теледидар – 51,6%;

Instagram – 44,5%;

Интернет-порталдар – 32,5%;

Отбасы, туыстар – 27,4%;

TikTok – 23,8%;

Жұмыс орны – 22,5%;

Достар – 21,7%.

Нәтижелер теледидардың саяси ақпараттағы ықпалы сақталғанын, ал Instagram мен TikTok-тың кең қолданылатынын көрсетеді.

4. Құрылтай сайлауына қатысты күтілімдер (бірнеше жауап)

68% – сайлаудан кейін оң өзгерістер болады деп күтеді;

48,8% – сайлау әділ өтеді деп сенеді;

43,3% – депутаттар азаматтардың мүддесін қорғайды деп күтеді;

35,9% – әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсарады деп санайды;

23,8% – саяси мәдениет артады деп сенеді;

22,3% – депутаттардың халыққа жақын болып, ашық жұмыс істеуін қалайды.

5. Саяси партияларға қойылатын басты талаптар (бірнеше жауап)

ТОП-3 талап:

44% – экономикалық өсім мен өркендеуге үлес қосуы;

33,2% – әлеуметтік әділдік пен теңдікке басымдық беруі;

32,4% – елдің даму бағытын нақты түсіндіруі.

Сондай-ақ респонденттер партия көшбасшыларының мықты тұлға болуы (29,9%), халыққа пайдалы заңдарды насихаттауы (29,8%), демократиялық құндылықтарға адал болуы (20,1%) және сайлаушылармен, соның ішінде БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы тұрақты байланыс орнатуы (20%) маңызды екенін айтты.

Қорытынды

Зерттеу қазақстандықтардың қоғамдық-саяси өмірге қызығушылығы мен сайлау белсенділігінің артып келе жатқанын көрсетті. Нәтижелер сайлауға қатысушы саяси партияларға үгіт-насихаттың мазмұны, арналары мен стратегиясын жетілдіруге пайдалы болуы мүмкін.

Зерттеу 18 жастан асқан халықтың өңірі, қала/ауыл, жынысы, жасы және этникалық құрамы бойынша репрезентативті іріктемемен жүргізілді (Ұлттық статистика бюросының 2026 жылғы сәуірдегі деректері негізінде). Сенімділік деңгейі – 95%, статистикалық қателік – ±1,54%-дан аспайды.

Еуразиялық интеграция институты бұл деректерді ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 3 шілдедегі №ОСК-11-07/ЗТ-С-30 жазбаша хабарламасы негізінде жариялап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.