Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Жиында өңірдің жылу инфрақұрылымын жаңғырту, әлеуметтік нысандардың әзірлігі, отын қорын қалыптастыру және жөндеу жұмыстарының орындалу деңгейі талқыланды
Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрсұлтан Исабеков баяндама жасады.
Бүгінде облыста 9 жылу-энергетикалық кешен мен 590 автономды қазандық жұмыс істейді. Олар 1 767 әлеуметтік нысан мен 1 855 көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етеді. Алдағы жылыту маусымына дайындыққа жалпы 66,7 млрд теңге бөлініп, барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.
Жамбыл облысындағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 350,7 шақырымды құрайды. Қазіргі тозу деңгейі – 53 пайыз. Биыл 5,3 млрд теңге есебінен 17,4 шақырым жылу желісін жөндеу жоспарланған.