Демократия институты 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентіне сенім жоғары деңгейде сақтала отырып, 85,7%-ды құрады
Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Әлеуметтанулық сауалнама 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында Демократия институтының қаржыландыруы негізінде жүргізілді. Іріктеме көлемі 8000 респондентті құрайды. Сауалнамаға 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты.
Зерттеу 18-29 аралығындағы жастардың Президентке жоғары деңгейде сенім білдіретінін анықтады. Осы жас тобындағылардың 90,1%-ы («ия» және «ия деуге болады» жауаптарының ортақ көрсеткіші) Президентке сенім артатынын білдірді. Бұл сауалнамаға қатысқандарды жас санаттары бойынша талдағандағы ең жоғары көрсеткіш.
Білім деңгейі – саяси сенімнің маңызды көрсеткіштерінің бірі: азаматтардың білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, олардың Президентке деген сенімі де соғұрлым жоғары. Мысалы білім деңгейі төменірек респонденттер арасында сенім 81,8%-ды құраса, жоғары білімді азаматтар арасында бұл көрсеткіш 89,7%-ға жетіп отыр.
Халықтың Мемлекет басшысына деген жоғары сенімі мемлекеттің даму бағытын жоғары деңгейде қолдауымен тығыз байланысты. Мемлекеттің даму бағытына да халықтың басым бөлігі қолдау білдіріп отыр. Атап айтқанда 81,5% қазақстандық мемлекет дұрыс бағытта дамып отыр деп санайды.