Салмақ тастады: Өй, мынау шынымен Жасұлан ба?!

«Диета КЗ» тобының әншісі Жасұлан Базарбаев едәуір салмақ тастап, адам танымастай өзгеріп кетті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Фанаттары соңғы кездері әншінің сырт келбетіндегі өзгерісті байқаған. Елден келген толассыз хаттар легін көрсеткен Жасұлан «көп сұраққа бір жауап» ретінде арықтағанға дейінгі және кейінгі суретін көрсетті.

Ол салмақ тастағалы өзін жеңіл сезініп жүргенін айтып өтті. Мұндай нәтижеге жету үшін ешқандай дәрі ішпегенін ескертті.

«Рахат-ай, мен әлі тоқтамаймын. Сосын айтарым, ештеңе ішпедім, ешкімнің диетасын ұстамадым. Менің суретімді қойып, дәрі-дәрмек жарнамаласа, сенбеңіздер. Қазір де басты қатырып, ақша ұсынып жатқан кісілер көп. Біреудің арбауына түсіп қалмаңыздар. Қалай салмақ тастағаным туралы кейін пост салам, әзірге сабыр», –  деп жазды Жасұлан желідегі парақшасында.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.