Қазақстандықтардың 73,8%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

📊Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 21 шілде мен 4 тамыз аралығында азаматтардың электоралды таңдауын анықтау мақсатында республиканың барлық өңірлерінде (Астана, Алматы, Шымкент қалалары және 17 облыс) 1200 респонденттің қатысуымен телефон арқылы екінші сауалнама жүргізді.
Анықталған деректер азаматтардың алдағы сайлау науқанына  қазіргі уақыттағы көзқарасын бағалауға мүмкіндік берді.
«Сіз 2026 жылдың 23 тамызында өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуды жоспарлап отырсыз ба?» деген сұраққа респонденттердің 73,8%-ы сайлау учаскелеріне баруға ниетті екенін айтты, 8,1%-ы дауыс беруге қатыспайды, ал 18,1%-ы әлі шешім қабылдамаған.

Шілденің 8-і мен 20-сы аралығында жүргізілген алғашқы зерттеу деректерімен салыстарғанда, азаматтардың сайлауға қатысуының ықтимал белсендігі 2,5%-ға артқан, дауыс беруден бас тартатындардың үлесі 15,2%-ға азайған, ал әлі шешім қабылдамағандар қатары керісінше 1,7%-ға ұлғайды.
Сайлауда дауыс беру жоспары туралы қала тұрғындарына қарағанда ауылдық жерде тұратындар 5,3%-ға  жиірек  «Иә» деп  жауап берген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.