Ербол Қарашөкеев «Мерейлі отбасы» байқауының өңірлік жеңімпаздарын марапаттады

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының өңірлік кезеңінде жеңімпаз атанған отбасыларды марапаттады.

Салтанатты жиында өңір басшысы отбасы құндылықтарының қоғамдағы маңызына тоқталып, байқаудың берекелі шаңырақтарды дәріптеп, өнегелі отбасылардың тәжірибесін кеңінен насихаттауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

– Мемлекет басшысы отбасы институтын нығайтуға, ана мен баланы қолдауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және өскелең ұрпаққа сапалы тәрбие беруге айрықша мән беріп келеді. Өйткені мықты мемлекет мықты отбасылардан құралады. Әке – отбасының тірегі, ана – шаңырақтың берекесі, ал бала – отбасының болашағы. Осы құндылықтар үйлесім тапқан жерде береке мен бірлік, сыйластық пен сенім орнығады, – деді Ербол Қарашөкеев.

Облыс әкімі бала тәрбиесі бір отбасының ғана емес, тұтас қоғамның ортақ міндеті екеніне назар аударды. Оның айтуынша, «Заң мен Тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» қағидаттарын ұстану, қоғамға деген құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру ең алдымен отбасындағы тәрбиеден басталады.

Әулиеата өңірінде отбасы құндылықтары мен ұрпақ сабақтастығына айрықша мән беріледі. Елге еңбегімен танылып, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп отырған тағылымды әулеттер аз емес.

Бүгінде Жамбыл облысында 50 мыңға жуық көпбалалы отбасы бар. Оның ішінде 17 мыңнан астам ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері. Биылдың өзінде 3 007 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, 46 мыңнан астам көпбалалы отбасы мемлекеттік жәрдемақымен қамтылған.

Аймақта «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында конкурсқа 2 900-ден астам отбасы қатысқан.

Биыл Тараз қаласы мен аудандардан байқауға 227 өтінім түсіп, оның ішінен 22 отбасы облыстық кезеңге жолдама алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.