Ербол Қарашөкеев: Мектеп – баланың екінші үйі, шәкірт – елдің ертеңі

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Білім сапасы мен адами капитал: жаңа оқу жылындағы өңірлік басымдықтар» тақырыбындағы дәстүрлі тамыз конференциясына қатысып, білім беру жүйесінің алдағы кезеңдегі негізгі міндеттерін айқындады

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Мәні мен маңызы зор іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Толқын Исақова, аудан және Тараз қаласы әкімдерінің орынбасарлары, құқық қорғау және атқарушы органдардың басшылары, кәсіподақ ұйымдары мен азаматтық қоғам өкілдері, білім саласының ардагерлері, ұстаздар мен жас педагогтер жиналды

Конференция аясында колледж студенттері мен мектеп оқушыларының жасанды интеллект пен цифрландыруға негізделген жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.

Жиын барысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың бейнеқұттықтауы көрсетіліп, «Адами капиталдың сапасын дамытудағы білім берудің өңірлік жүйесі» тақырыбындағы бейнеролик ұсынылды. Сондай-ақ 2025-2026 оқу жылының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер таныстырылды.

Өңір басшысы өз сөзінде білім сапасын арттыру, білім беру инфрақұрылымын жаңғырту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды нығайту, цифрландыру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, инклюзивті білім беруді дамыту және еңбек нарығына қажетті кадр даярлау мәселелеріне тоқталды.

Биыл облыстың білім беру саласына 362,5 млрд теңге бағытталды. Бұл өңір бюджетінің 50 пайыздан астамын құрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.