Сөз — ұлттың визиттік карточкасы

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Бүгін мен сөздің күші туралы, дәлірек айтқанда, күнделікті өмірде қалай сөйлейтініміз жайында өз ойымды айтып өтсем деймін. Көп жағдайларда біз туған-туысқан, көрші-қолаң, дос-жаран және бөгде кісілермен сөйлескенде қандай сөздерді қолданамыз, осының бәрі біздің қандай адам екенімізді көрсетеді.

Қазақ халқы сөйлеу әдебіне әрқашан үлкен мән берген. Бұл тек сыпайы сөз айту емес. Оның негізінде үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу және кісінің көңіліне тимей, ренжітпей сөйлей білу жатыр. Ата-бабаларымыз «Тіл – жүректің айнасы» деп бекер айтпаған. Себебі адамның қалай сөйлейтініне қарап, оның тәрбиесін, адамдарға деген құрметін және мәдениетін түсінуге болады.

Сөз өнері де әрқашан жоғары бағаланған. Керек кезде дұрыс сөз таба білу де үлкен өнер, ал кей кездері бір ауыз сөздің өзі үлкен дауды шешуге көмектескен. Өкінішке қарай, бүгінгі күні осының бәрі біртіндеп азайып бара жатқанын көріп жүрміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.