Қонаев: Маған Зухрадай сана биігінде жолыққан жан жоқ

 

«Үш рет үйлендім. Маған сана биігінде бір болатын әйел жолыққан жоқ. Ол ілуде бір болады. Маған жолыққан жоқ. Оған мен кінәлі емеспін», — дейді М.Шаханов.

Махаббат деген мүлде басқа дүние. Жер шарында жеті жарым миллиард адам бар. Көп бөлігі әйел, соның барлығы бір-бірімен татуласады. Кез келген жәндік те баласын тудырып жатады. Махаббат деген – екі пайымды, парасатты адамның сана биігінде жолығуы, деді ақын сұхбаттарының бірінде.

«Дінмұхамед Қонаевпен жақын дос болдым, бірі-бірімізге деген көңіліміз мүлде бөлек еді. Димекеңнің Зухра деген әйелі болды, бірақ балалары болмады. Туыстары сізден ұрпақ алып қалуымыз керек деп келген екен. Зухра сонда Димекеңнің өзі шешеді, мүмкін кінә менен болар деп ештеңе айтпапты. Сомен оған 20 жастағы қызды дайындап қойыпты, ол қыз да ұрпақ алып қалуға құлшынып тұр екен. Қонаев көнбей қойыпты. Мен қай қалаға барсам да, барған жерімнен бір кітап алып келемін. Оны Зухраға беремін. Зухра соны оқып шығады, екеуміз соны талқылаймыз. Қанша әйелді білемін, маған Зухрадай сана биігінде жолыққан адам жоқ дейтіні бар», — дейді Мұхтар Шаханов Қонаевтың махаббаты жайлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.