Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтердің сапалы, қолжетімді және ашық көрсетілуі мемлекеттік органдар жұмысының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің басты мақсаты – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету, адам денсаулығына қауіп төндіретін факторлардың алдын алу және санитариялық заңнама талаптарының сақталуына жағдай жасау. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары өз құзыреті шегінде азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілеріне бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Бұл қызметтер санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, белгілі бір объектілердің санитариялық талаптарға сәйкестігін бағалау және заңнамада көзделген өзге де рәсімдермен байланысты. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға ерекше көңіл бөлінуде. Электрондық форматта қызмет алу азаматтар мен кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп, құжаттарды ұсыну және қызмет нәтижесін алу процесін жеңілдетеді. Сонымен қатар цифрлық технологияларды енгізу мемлекеттік қызмет көрсету барысының ашықтығын арттырып, адам факторын барынша азайтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде негізгі қағидаттардың бірі – азаматтарға тең және сапалы қызмет көрсету. Қызмет алушыдан заңнамада көзделмеген құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді. Қызмет көрсету мерзімдері мен тәртібі белгіленген талаптарға сәйкес сақталуы тиіс. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасы халықтың денсаулығын қорғаумен тікелей байланысты. Сондықтан қызметкерлердің кәсіби біліктілігі, әдеп нормаларын сақтауы, өтініштерді уақтылы қарауы және қызмет алушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауы ерекше маңызға ие.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін халық арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу де маңызды. Азаматтар мен кәсіпкерлерге мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, қажетті құжаттар, қызмет көрсету мерзімдері және электрондық түрде өтініш беру мүмкіндіктері туралы ақпарат қолжетімді болуы қажет. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі халықтың санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ал мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету – осы міндетті тиімді жүзеге асырудың негізгі бағыттарының бірі.
Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Басқарма басшысы: Ғ.Ә. Әбділда