Індет алқымнан алып, жұқтырғандар қатары артқан кезде екпенің тиімділігі байқалды.
Жамбыл ауданына бүгінде «Pfizer» екпесінің 8880 дозасы жеткізілді. Ауыл-аймақтардағы денсаулық пунктеріне екпе жеткізіліп, тұрғындар мекен-жайлары бойынша екпе салдыра бастады.
Жамбыл аудандық орталық емханасының эпидемиолог дәрігері Сәкен Сандыбаевтың айтуынша, бүгінде өңірде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге (1,2 компонент) 5973 доза екпе егілген. Ал жүкті әйелдерге 578, бала емізетін аналарға 1293 доза вакцина салынған. Жасы 60 асқан азаматтардың 180-і осы екпені қабылдаған.
Бүгінде екпе қабылдаушылар қатары артып келеді. Ата-ана балаларын жетектесе, нәрестенің денсаулығына алаңдаған аналар өздері келіп екпе қабылдауда.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі