Қысқы жылыту маусымына дайындық — қауіпсіздік кепілі

Қысқы жылыту маусымына дайындық — қауіпсіздік кепілі

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

🔹Жылыту маусымының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында Аса ауылында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. «ҚазақГазАймақ» мекемесінің Жамбыл аудандық газ шаруашылығы қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары бірлесіп, ауыл тұрғындарының жеке үйлерін аралап, жылыту жүйелерінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексерді.

🔹Тексеру барысында тұрғын үйлердегі пештер мен пеш мұржаларының жағдайына ерекше назар аударылып, ақаулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар тұрғындарға пеш пен газ құрылғыларын дұрыс пайдалану, мұржаларды уақтылы тазалау және жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді.

🔹Сонымен қатар, тұрғындарға газбен және жылыту құрылғыларымен жұмыс істеу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы айтылды. Әсіресе, пешті қараусыз қалдырмау, мұржаның тартуын тұрақты бақылау және ақау анықталған жағдайда мамандардың көмегіне жүгіну қажеттігі ескертілді.

https://www.instagram.com/reel/DcNqCYdopl3/?igsi=enNpdzNhdGZlNXUw

Leave A Reply

Your email address will not be published.