Ардагерлер 6 мәрте үздік деп танылды

Бүгін «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалы жариялаған байқау рейтінгінде қалалық және аудандық ардагерлер кеңесінің 2021 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы жарияланды.

Жан-жақты зерделеу жұмыстарының нәтижесі бойынша Жамбыл ауданы ардагерлер кеңесі бас жүлдені қанжығаға байлап, арнайы марапат иеленді.

Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы Еркінбек Солтыбаев ауданда ардагерлердің атқарған жұмыстарын тілге тиек етіп, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаевқа ризашылығын білдірді.

 

Айта кету керек, 2016 жылдан бері Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесі бас жүлдені иеленіп келеді.

Өз кезегінде аузы дуалы қариялардың еселі еңбегі мен жеткен жетістігімен аудан әкімі Сәкен Арубаев құттықтады.

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.