Кезекті жеңістерімен құттықтады

Күні кеше Тараз төрінде «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалы жариялаған байқау рейтінгінде қалалық және аудандық ардагерлер кеңесінің 2021 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы жарияланып, Жамбыл ауданы ардагерлер кеңесі бас жүлдені қанжығаға байлап, арнайы марапат иеленген болатын.

Бүгін ардагерлерді жеңісімен құттықтау үшін аудан әкімі Сәкен Арубаев ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаевты қабылдап, құрмет көрсетті.

 

🗒– Қоғамға өздеріңіздей ақылман қариялар ауадай қажет. 2016 жылдан бері жеңіс тұғырынан түспей, бас жүлдені иелену — үлкен жетістік. Ұлт тәрбиелеу жолында сіңірген еңбектеріңіз, кездесулерде ауыл-аймақтың жайын айтып, шешілу жолдарына ықпал жасап жүрген қазынарымыздың жеңісі бұл. Бақыт Уәлиұлы бастаған ардагерлерді кезекті жеңісімен құттықтаймын, – деді Сәкен Қаланұлы.

Өз кезегінде сөз алған Бақыт Уәлиұлы аудан басшысына ризашылығын білдірді.

Айта кету керек, аудандық ардагерлер кеңесі осымен 6 мәрте облыс бойынша үздік деп танылды.

Қабылдауға аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов қатысып отырды.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.