ҚҰРЫЛТАЙ АЯСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

 

Бүгін аудандық «Отбасын қолдау орталығында» Құрылтай аясында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, заң талаптарын орындау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға аудандық «Отбасын қолдау орталығының» директоры Көшкінбаева Эльвира Бектібайқызы және орталық мамандары қатысты.

Кездесу барысында қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану және мемлекеттік қызмет көрсету барысында ашықтық пен адалдық қағидаттарын басшылыққа алудың маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің қызметтік әдеп талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдаланбау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағыттары бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қызметкерлерге өздерінің лауазымдық міндеттерін сапалы орындап, заң талаптарын қатаң сақтау әрбір маманның кәсіби жауапкершілігі екені түсіндірілді. Сонымен қатар, қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларын сақтау мекеме жұмысының тиімділігі мен қоғамның мемлекеттік және әлеуметтік институттарға деген сенімін арттырудың маңызды факторы екені айтылды.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заңгер маманнан қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты жауаптар мен түсіндірмелер алды.

Іс-шара қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және қызметтік әдеп талаптарын сақтау жауапкершілігін күшейтуге бағытталды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.