Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Бүгін аудандық «Отбасын қолдау орталығының» мамандары Д және Е санатындағы үйлерді аралап, рейдтік іс-шара ұйымдастырды.
Рейд барысында тұрғындармен кездесіп, отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы зерделенді. Балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне, сондай-ақ отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау түрлері түсіндіріліп, қажет болған жағдайда тиісті мамандардың көмегіне жүгіну жолдары туралы ақпарат берілді.
Мамандар құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беріп, қиын жағдайлардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында анықталған мәселелер назарға алынып, қажеттілігіне қарай отбасыларға әлеуметтік сүйемелдеу жұмыстары жалғасын табады.
Отбасының берекесі мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамызға ортақ жауапкершілік емес пе?