Психологиялық қолдау көрсетілді

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Бүгін Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-не өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматша жүгінді. Азаматшаның өтініші негізінде орталықтың психолог маманы Динара Калиева қабылдау өткізіп, психологиялық кеңес пен қажетті кәсіби қолдау көрсетті.

Қабылдау барысында азаматшаның эмоционалдық-психологиялық жағдайына жан-жақты талдау жасалып, мазалаған мәселелері мұқият тыңдалды. Әңгімелесу барысында туындаған қиындықтардың себептері анықталып, оларды еңсерудің тиімді жолдары қарастырылды.

Психолог маман психологиялық күйзелісті төмендету, эмоцияларды дұрыс басқару, ішкі алаңдаушылықты жеңу, күйзеліске төзімділікті қалыптастыру, өз-өзіне деген сенімді арттыру, тұлғалық ресурстарды дамыту және өмірлік қиындықтарды кезең-кезеңімен шешу бағытында кәсіби ұсынымдар берді. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда азаматшаға алдағы уақытта да тұрақты психологиялық сүйемелдеу мен консультациялық қолдау көрсетілетіні түсіндірілді.

Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-де әрбір азаматтың өтініші жеке қаралып, көрсетілетін қызметтердің құпиялылығы толық сақталады. Орталық мамандары өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларға психологиялық, құқықтық, әлеуметтік және қажеттілігіне қарай өзге де бағыттар бойынша кешенді қолдау көрсетеді.

Әрбір адамның өмірінде қиын кезеңдер болуы мүмкін. Мұндай сәтте жалғыз қалмай, кәсіби мамандардың көмегіне жүгіну – мәселені шешудің маңызды қадамы. Уақытылы көрсетілген психологиялық қолдау адамның эмоционалдық тепе-теңдігін қалпына келтіруге, өмірге деген сенімін нығайтуға және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға ықпал етеді.

Егер сіз немесе жақыныңыз психологиялық қолдауға мұқтаж болса, Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-не хабарласыңыз. Білікті мамандар сізге тегін кеңес беріп, қажетті қолдау көрсетуге әрдайым дайын.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.