Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Бүгін Жамбыл аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары М.Досымбекованың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Ошақбай, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Байдалиев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің директоры Ж.Телеуов, аудандық «Отбасын қолдау орталығының» директоры Э.Көшкінбаева, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау және полиция өкілдері қатысты.
Комиссия отырысында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасылық жағдайы күрделі балалармен жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың тиімділігі және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес «Отбасын қолдау орталығының» директоры Э.Көшкінбаева мекеменің 2026 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады. Баяндамада әлеуметтік жағдайы күрделі отбасыларды сүйемелдеу, ата-аналарға психологиялық және құқықтық кеңес беру, сондай-ақ отбасылық мәселелердің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар айтылды. Сонымен қатар, балалардың тәрбиесі мен әлеуметтік жағдайына қатысты бірқатар мәселелер талқыланып, жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.
Жиын қорытындысында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру, профилактикалық шараларды күшейту және мемлекеттік органдар мен тиісті мекемелер арасындағы өзара байланысты нығайту қажеттігі атап өтілді.